Жизнь

Келіні жақсының керегесі алтын



Осы сөздің төркінінде те¬рең мән жатыр. Өйткені, ша¬ңы¬рақтың беріктігі, отба¬сын-дағы ынтымақ, бардың баға¬сын білу, ұлағатты ұрпақ тәр¬бие¬леу, бәрі-бәрі келіндердің бо-йындағы жақсы қасиет¬тер¬мен астасып жататыны анық. Демек, әдепті келін ауылдың көркі, ағайын-туыстың ұйытқысы.
21 қазан күні Қарағанды қаласында Тәуелсіздіктің 25 жылдығы мен Қарағанды қаласының 80 жылдығына арналып, аймағымызда тұңғыш рет облыстық мәдениет, құжаттама және архивтер басқармасы, «Қазақстан-Қарағанды» телеарнасы мен «Нұрәсем» сән үйі бірлесіп «Қазақтың келіндері-ай» атты келіндер байқауын өткізді. Оған аймағымыздың әр өңірінен он сау¬сағынан өнері тамған, халқы¬мыз¬дың бай дәстүрі мен сал¬тын сақтай білген келіндер қатыстырылды. Бір қолымен бесікті, бір қолымен әлемді тербеткен әзиз аналардың сынынан байқауға қатысушы келіндер өзін-өзі таныстырудан бас¬тап, қазақтың ұмытылып бара жатқан дәстүрлерін, ұлттық киім, мақал-мәтел жарысы, қазақтың бай дас¬тарқаны мен қолөнер тә¬різді құндылықтарын дәріптеді. Аталмыш сында аудан келіндерінің намысын аудандық «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Қарағанды облысы бойынша филиалы – «Халыққа қызмет көрсету орталығы» департаменті Ақтоғай ауданың №1 бөлімінің құжаттарды қабылдау бөлімінің маманы, Жұмабай әулетінің келіні Мухаметбекова Алтынай Нұрланқызы абыроймен қорғап, байқаудың «Келісті келін» номинациясы бойынша жеңімпаз атанды. Алтынайдың бұл марапатын келінді әулеттің ырысы, құт-берекесі ғана емес, ұлт болашағының ұйытқысы деп тани білген Ақтоғай жұртына көрсетілген лайықты құрмет деп білеміз.

ГК "Правительство для граждан" отделы №1. №3, №4, №5

Новости Цон информирует Опубликовано


Реклама
Реклама